ҚОҒАМ

Министр үй бағасының неге қымбаттап жатқанын түсіндірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay

Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев тұрғын үй бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Журналистер министрден: “Қазақстанда пәтер бағасы неге қымбаттап жатыр? Бағаның арзандауы мүмкін бе?” деп сұрады.

Министр бұл сауалға бұрын да бірнеше рет жауап бергенін атап өтті.

“Бұл – нарықтық механизм. Сұраныс бар жерде ұсыныс болады. Үй бағасын министрлік бақылап отырмайды. Бағаның қалай қалыптасатынына біз жауап бермейміз”, – деді Нағаспаев.

Айта кетейік, соңғы жылдары тұрғын үй нарығында бағаның тұрақты өсімі байқалып отыр. Сарапшылар мұны құрылыс материалдарының қымбаттауымен, урбанизациямен және халықтың баспанаға деген сұранысының артуымен байланыстырады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61