МӘДЕНИЕТ

Түркістанда жасанды көлі бар жаңа саябақ салынып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Түркістан облысының баспасөз қызметі

Түркістанда жасанды көлі бар жаңа саябақ салынып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

“Түркістанның әкімшілік-іскерлік орталығында ауқымды жасанды көлі бар жаңа қалалық саябақтың құрылысы жүріп жатыр. Бұл – қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы демалыс аймағын қалыптастыруды көздейтін ірі жобалардың бірі”, – делінген облыс әкімдігінің ресми хабарламасында.

Мәліметке сәйкес, саябақтың жалпы аумағы – 32 гектар. Орталығында үлкен жасанды көл орналасады. Саябақ ішінде жаяу жүргіншілерге арналған көпір, субұрқақтар, сарқырама, қарау алаңдары, заманауи қоғамдық тамақтану орындары, архитектуралық аркалар мен арнайы орындықтар болады деп жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын толық аяқтау 2025 жылға белгіленген.

“Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта негізгі нысандар бой көтеріп, әрлеу жұмыстары жүргізілуде”, – делінген хабарламада.