Bugin

"Тым қатыгездік таныттық". Аида Балаева Сара Назарбаеваға қатысты пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Коллаж POLITICO.KZ

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қоғамда қызу талқыланған Сара Назарбаеваға қатысты алыпқашпа әңгімелерге пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Ашығын айтқанда, біз сырқатпен күресіп жатқан адамға тым қатігездік танытып отырмыз. Өз басым аталған мәселенің бүге-шігесіне қанық емеспін, өйткені бұл – Тұңғыш президенттің отбасының жеке мәселесі. Ал біз қоғам ретінде оның қазасы жайлы хабар таратып үлгердік. Меніңше, бұл - мүлде орынсыз әрі қатігез қадам", – деді министр.

Аида Балаева нақты мәлімет болмаған жағдайда жұртты сенімді ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды.

"Егер шынымен де ауыр оқиға орын алса, бұл туралы ресми түрде хабарланады. Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның қайтыс болды деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл – дер кезінде жасалған дұрыс қадам болды", – деді ол.