ДАМУ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Ақорда
2025 жылғы 30 мамырда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында "Орталық Азия – Италия" атты алғашқы саммиттің жұмысы басталды. Іс-шара барысында тараптар өңірлік және халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, соның ішінде экономикалық және саяси байланыстың болашағын талқылап жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Саммитке Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан президенттері, сондай-ақ Италияның Премьер-Министрі Джорджия Мелони қатысуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде саяси диалогтың жоғары деңгейге жеткенін атап өтті.
"Сыртқы істер министрлері деңгейінде басталған саяси диалогымыз бүгіндері жоғары деңгейге көтеріліп отырғаны қуантады. Бұл Орталық Азияның артып келе жатқан геосаяси маңыздылығын және өңір мен Италия елдерінің ынтымақтастықты нығайтуға деген шынайы ұмтылысын көрсетеді. Бүгін біз инвестиция, сауда, энергетика, экология, көлік, логистика, білім және ғылымға қатысты маңызды мәселелерді талқылайтын боламыз", – деді Тоқаев.