ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: видеодан скрин
Алматыдағы Alma City тұрғын үй кешенінде ер азамат төртінші қабатқа өрмелеп, балконнан шыққан өртті жалғыз сөндірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Куәгерлердің айтуынша, жалын тұрғындардың бірінің балконында кенеттен тұтанған. Ал тілсіз жауға алғашқылардың бірі болып белгісіз ер адам әрекет еткен.
Ол ешбір арнайы құрал-жабдықсыз төртінші қабатқа өрмелеп, балконда тұтанған жалынды дер кезінде ауыздықтауға тырысқан. Осылайша, өрттің өзге пәтерлерге таралуына жол бермей, үлкен апаттың алдын алды.
Құтқарушылар жеткенше от толығымен сөндірілді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрттің нақты неден шыққаны анықталып жатыр.