ДЕНСАУЛЫҚ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Іnstagram.com/help.aluabeken
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек автобус апатында екі аяғынан айырылған қыздың отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қала басшысының айтуынша, ол жеке өзі жәбір көрген қыздың отбасымен кездеспегенімен, оның орынбасарлары мен тиісті мекемелер өкілдері байланыс орнатып, жағдайды бақылауға алған.
"Жәбірленуші қыздың анасы мен жақындарымен менің орынбасарым, сондай-ақ әріптестерім кездесті. Кеше балалар омбудсмені де жағдаймен танысты. Бүгін тағы да өкілім олармен жолығады. Қаржылай көмек ретінде сақтандыру төлемі шамамен 20 миллион теңгені құрайды. Бұған қоса, әкімдік тарапынан 10 миллион теңге көлемінде көмек берілді. Қазір тағы қосымша 10 миллион теңге бөлу жоспарымызда бар. Сонымен қатар, бұл отбасының баспана мәселесін де шешіп береміз. Бұл – ресми уәдем", – деді қала әкімі.
Айта кетейік, жақында Республика даңғылы бойында қалалық жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жүргізуші маневр жасау кезінде рөлге ие бола алмай, автобус бағанға соғылған. Апат салдарынан бірнеше адам жарақат алып, бір қыз ауыр хәлде ауруханаға түсті.