МӘДЕНИЕТ

Түркістанда халықаралық “Voice of Turan – 2025” қазақ әндері фестивалі өтеді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысының 7 жылдығына орай жаһан жұртының назарын аударған халықаралық “Voice of Turan – 2025” қазақ әндері фестивалі өтеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бұл жоба биыл тың форматта, ашық аспан астында алтыншы рет жалауын көтереді. Ән додасына әлемнің 17 елінен келетін кәсіби әншілер екі күн бойы қазақ әндерін әуелете шырқайды. Олардың өнерін еліміздің танымал өнер шеберлері бағалайды.

Фестиваль 20-21 маусым күндері сағат 20:00-де Түркістан қаласындағы “Керуен сарай” туристік кешенінде өтеді. Іс-шараға кіру – тегін.

 

Ұйымдастырушылар барлық өнерсүйер қауымды ерекше музыкалық кешке қатысуға шақырады.