САЯСАТ

Қуандық Бишімбаев рақымшылыққа іліне ме? – Бас прокуратура жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Конституцияның 30 жылдығына орай дайындалған рақымшылық туралы заң жобасына қатысты қоғамда түрлі пікір айтылып жатқан тұста Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың жағдайына түсініктеме берді. Ол Бишімбаевтың рақымшылыққа ілінбейтінін нақты айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Қуандық Бишімбаев рақымшылыққа ілінбейді. Бұл, мысалы, жол-көлік оқиғасы үшін сотталғандарға қолданылуы мүмкін. Бірақ депутаттардың ұстанымы анық: егер қылмыстың салдарынан адам өлімі болса, ондай іс рақымшылыққа жатпауы тиіс", – деді ол.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған. Бұл іс бойынша оның туысы, Бақытжан Байжанов та 4 жылға сотталған. Қазіргі таңда Бишімбаев жазасын қауіпсіздігі ең жоғары мекемеде өтеп жатыр.