БІЛІМ

ЖОО-ға құжат тапсыру мен грантқа өтініш қабылдау қашан басталады?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова 

 

Қазақстанның жоғары оқу орындарына 2025–2026 оқу жылына түсуге қатысты негізгі кезеңдердің күнтізбесі бекітілді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ғылым және жоғары білім министрлігі келесі ресми күнтізбені ұсынды.

Негізгі ҰБТ 16 мамыр-7 шілде аралығында өтеді;

ЖОО-ға құжаттарды қабылдау 20 маусым-25 тамыз;

"Педагогикалық ғылымдар" және "Денсаулық сақтау" мамандықтарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым-20 тамыз аралығында (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін өткізіледі);

Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым-10 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін) аралығында қабылданады;

Шығармашылық емтихандар 7 шілде-15 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін) аралығында өтеді;

Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде-20 шілде аралығында қабылданады;

Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Қосымша ақпаратты ЖОО ресми парақшалары мен сайттарынан ала аласыздар.