ҚОҒАМ

Блогерлерге тексеріс күшейді: 2,2 млрд теңге жасырылған табысқа қатысты тергеу жүріп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: canva.com

2022–2023 жылдары жүргізілген камералдық бақылау нәтижесінде 854 блогердің табысын төмендету фактілері анықталды. Нәтижесінде, жалпы сомасы 71,9 млрд теңгеге қатысты 1 586 хабарлама жолданған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

2024 жылдың 4 маусымдағы жағдай бойынша 394 блогер қосымша есеп тапсырып, 11,8 млрд теңге табысын ресми түрде жариялады. Бұл сомадан 640 млн теңге көлемінде салық төленді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бұған дейінгі хабарламаларды мүлде орындамаған немесе толық орындамаған блогерлерге қатысты салықтық тексерулер басталып жатыр. Атап айтқанда, төрт блогерге қатысты 2,2 млрд теңге көлеміндегі жасырылған табыс фактісі бойынша тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарылған.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 23 сәуірдегі жағдай бойынша 338 блогер 10,6 млрд теңге табысын көрсетіп, 256,7 млн теңге көлемінде жеке табыс салығын төлеген еді.