САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Baq.kz/Бауыржан Жуасбаев
Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы Талғат Смағұлов, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС бас директорының орынбасары Бауыржан Полатбеков және осы кәсіпорынның экологы Мұрат Асан сот үкімімен кінәлі деп танылып, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Тараз қалалық сотының шешімімен Смағұлов экологиялық тексеру кезінде пара алғаны үшін, ал зауыт өкілдері – зауыттың мүддесін қорғап, тексеру барысында заңбұзушылықтарды жасыруға жағдай жасағаны және пара бергені үшін сотталды.
Үшеуіне де жалпы сомасы 24 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар олар өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.
Аталған сот үкімі заңды күшіне енді.
Айта кету керек, ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның қылмыстық әрекетке қатысы бар-жоғы тек соттың заңды күшіне енген үкімімен ғана анықталады.