ҚОҒАМ

Қостанайда олигархтардан қайтарылған қаражатқа су құбыры тартылады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Коллаж: Ulysmedia.kz

Қостанай облысында мемлекетке қайтарылған заңсыз активтердің есебінен 2025 жылдың соңына дейін 9 елді мекенге таза ауызсу тарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Облыс прокуратурасының бастамасымен қайтарылған қаражат есебінен Арқалық, Бейімбет Майлин, Денисов, Қарабалық, Қостанай және Федоров аудандарына қарасты ауылдарда 279 шақырым су құбырының құрылысы жүргізілмек. Жоба толық іске асқанда 55 мыңнан астам тұрғын сапалы ауызсумен қамтылады.

Сонымен қатар Жітіқара ауданында медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында емхана ғимараты қайта жөнделмек.

Айта кетейік, бүгінде Үкімет арнайы мемлекеттік қорға түскен активтерді әлеуметтік маңызы бар жобаларға бағыттауда. Жалпы саны 333 жобаны қамтитын бастама тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, білім беру және спорт салаларын қамтиды.