САЯСАТ

Есімовтің бұрынғы көмекшісіне тиесілі 840 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Inform.kz

Алматы қаласының іргесінде орналасқан, кезінде генерал-майор әрі Ахметжан Есімовтің бұрынғы көмекшісі Павел Новиковке тиесілі болған ауқымды жер телімдері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Прокуратураның мәліметінше, жалпы аумағы 840 гектар болатын жер телімдері 2004 жылы небары 25 миллион теңгеге “Халықаралық клубтар қауымдастығы” ЖШС арқылы жекешелендірілген. Алайда тексеріс нәтижесінде бұл учаскелер су қорына жататын аумақ саналып, олардың жекешелендірілуі заңға қайшы жолмен жүзеге асқаны анықталған.

Сот жердің мемлекеттік меншікке қайтарылуы туралы шешім шығарып, прокуратураның талабын толық қолдады. Бүгінде бұл аумақтың нарықтық құны шамамен 54 миллиард теңгені құрайды.

Аталған учаскелердің бір бөлігі – шамамен 100 гектары – алма мен алмұрт өсіруге пайдаланылған, ал қалған бөлігі бос жатқан.

Компания бұл шешіммен келіспей, бірнеше мәрте шағым түсіріп, тіпті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына да үндеу жасаған. Алайда барлық инстанцияларда сот шешімі өзгеріссіз қалған.