Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Иллюстрация Depositphotos.com
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк ипотекалық несиелер бойынша шекті жылдық мөлшерлемені 25%-дан 20%-ға дейін төмендету туралы бұрынғы шешімнің күшін уақытша жойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ресми мәліметке сәйкес, агенттік 2025 жылдың 1 қарашасына дейін ипотекалар бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейін 25% көлемінде сақтап қалмақ. Бұл шешім банктерге өздерінің ипотекалық өнім шарттарын, ішкі құжаттарын, жарнама және техникалық жүйелерін жаңа талаптарға сәйкес бейімдеуге мүмкіндік беру үшін қабылданды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейі 20%-ға дейін төмендетілген болатын. Бұл норма 2024 жылдың 16 маусымынан бастап күшіне енген еді. Алайда, бұл өзгеріс екінші деңгейлі банктер үшін дайындық жағынан қиындық тудырып, бірнеше банк екінші нарықтағы тұрғын үйге берілетін несиелерді уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.
Сарапшылардың айтуынша, қабылданған шешімнің әсерінен елімізде екінші нарықтағы тұрғын үйлерге деген сұраныс төмендеуі мүмкін.