САЯСАТ

Бишімбаевтың інісі рақымшылыққа іліне ме? Министр жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Коллаж: Ulysmedia
 

Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов Бақытжан Байжановтың шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы (ШМББ) туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.  

Министрдің айтуынша, Байжанов әзірге мұндай өтініш білдірмеген.

"Мерзімінен бұрын босату – бұл тек сот шешімімен жүзеге асырылатын үдеріс. Ал Бақытжан Байжановқа қатысты ішкі істер органдарына ешқандай материал түскен жоқ", — деді Ержан Саденов.

Еске сала кетейік, Бақытжан Байжанов атышулы Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында қылмысты жасырып қалғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Жуырда әлеуметтік желілер мен кейбір ақпарат көздерінде оның шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін екені туралы ақпарат тарады. Бұл әңгімелер Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған амнистиямен байланысты. Рақымшылық аясында шамамен 15 мың сотталушыға жеңілдік жасалған.