Bugin
Ең тұғыш әйел президент - Мария Перон
Саясат сахнасында жүрген әйел саны санаулы болғанымен олардың алатын рөлі мен атқарып жатқан қызметтері молынан. Тіпті олардың ішінде президенттері де бар. Сіздерге әлем тарихындағы ең беделді және ең сұлу деген президенттерді ұсынып отырмыз.
Исабель Мартинес де Перон. Аргентина
Тұңғыш әйел президент ретінде әлемге танылған Мария Перон 43 жаста болды. Саясат сахнасында Исабель есімімен танымал. Өзінің өмірін шығармашылықпен байланыстырған президент мүлде саясатпен айналысамын деп ойламаса керек. Клубтардың бірінде биші болып жұмыс жасап жүрген жерінде, өзінен 35 жас үлкен генерал Хуан Перонды жолықтырып соған тұрмысқа шығады.
1973 жылы Хуан Перон президент болып сайланады. Әйелі Мария Перонды вице-президент етіп тағайындайды. Арада бір жыл өтісімен күйеуі дүние салады. Ал Мария Перон шартты түрде президент тағына отырып, тек Аргентинаның емес, бүкіл әлем тарихындағы тұңғыш әйел президенті ретінде танылады.
Кристина Фернандес де Киршнер. Аргентина
Аргентинаның келесі әйел президенті Кристина де Киршнер 2007 жылы күйеуінен кейін таққа келді. Ол әлем тарихындағы ең мықты саясаткер және сұлу әйел ретінде ел есінде қалды. Оның дұрыс саясатының арқасында Аргентина ішкі саясаты тұрақталып, үлген өзгерістер орын алды. Соның арқасында Кристина де Киршнер тақта 2015 жылға дейін отырды.
Тарья Халонен. Финляндия
Тарья Халонен Финляндияның саяси тарихындағы ең беделді президент. Ол тақта 12 жыл отырды. 2000 жылдан бастап 2012 жылға дейін президент болған Тарья Халонен, халық есінде қалыптасып қалған қағидаларды бұза білгені үшін қалған. Хельсинктегі ең кедей районда туып-өскен болашақ президент өзінің сүйікті ісімен айналысудан ешқашан қорыққан емес. Мәселе әрдайым өзімен бірге мысық алып жүретін болған.
Даля Грибаускайте. Литва
Литва президенті Даля Грибаускайтенің БАҚ өкілдері «темір ханым» деп суреттейді. Литва президенті тақта 2009 жылдан бері отыр. 2014 жылы қайта сайланған Даля Грибаускайтенің жолдасы және балалары жоқ. Дегенмен ол төрт тілде еркін сөйлейді және карате спор түрінен «қара белдік» иесі.
Бүгінгі таңда Литва президенті Еуроодақтағы ең танымал және беделді әйел ретінде белгілі.
Мишель Бачелет. Чили
Балалық шағы азаматтық төңкеріс кесірінен өзге елде өткен Мишель Бачелет екі рет қатарынан сайлуға түсіп, президент болған. Тіпті Оңтүстік Америкадағы Қорғаныс министрлігін басқарған тұңғыш әйел ретінде де белгілі. Елге оралысымен белсенді жұмыс жасай отырып, өзінің сүйкімді келбеті, өмірлік ұстанымымен қатар, салиқалы саяст жүргізе білуінің арқасында саяси сахнада үлкен беделге ие болды. Чили елі үшін Мишель Бачелеттенің орны әрдайым бөлек.