Саясат
Биыл 4 мыңға тарта әскери қызметші жеке баспанасын алады
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің белсенді қолдауы арқылы 37 мыңнан астам әскери қызметші жеке арнайы шоттарын ашып, 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды. Ағымдағы жылы аталған банктің қатысуымен әскери қызметшілердің 2 335 отбасы еліміз бойынша жеке баспанасын иеленеді. Яғни, жеңілдікті ипотекалық займ алу жолымен баспаналы болады», - деп тоқталды Талғат Жанжүменов.
Белгілі болғандай, 950 әскери өтемақылық төлемдер алады. Сонымен қатар, қызметтік тұрғын үй қорын жекешелендіру жолымен 482 әскери қызметшіні баспанамен қамтамасыз ету ескерілген.
«Осы арқылы 2018 жылы 4 мыңға жуық әскери қызметші отбасын жеке баспанамен қамту жоспарланып отыр. Ал 2019 жылы тек өтемақылық төлемдер арқылы 1695 отбасын, оның ішінде 76 әскери зейнеткерді қамтамасыз ету жоспарға енгізілді», - деп нақтылады Қорғаныс министрінің орынбасары. Бұдан бұрын хабарланғандай, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша әскери қызметшілерге жеңілдетілген займ берілетіні айтылған болатын.
Дереккөз: inform.kz