САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Коллаж Qaz365.kz
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ауыр дертке шалдыққаны туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мәжіліс дәлізінде журналистер министрден Мәсімовтің қазіргі жағдайына қатысты сұрақ қойды. Сәденов бұл сауалға қысқа да нұсқа жауап қайырды.
"Жазасын қалыпты жағдайда өтеп жаты", – деді ол.
Ал экс-төрағаның медициналық есепте тұрған-тұрмағаны және оған қандай да бір медициналық көмек көрсетіліп жатқан-жатпағаны жөнінде нақтылау сұрағына Сәденов:
"Жоқ. Қазіргі таңда мен сіздерге ресми түрде айтып отырмын", – деп қысқа қайырды.
Айта кетейік, осы көктемде анонимді дереккөздерге сілтеме жасаған бірқатар басылымдар Кәрім Мәсімовтің онкологиялық аурудың ауыр түріне шалдыққаны, жағдайы өте күрделі екені туралы хабар таратқан еді.