ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фотоколлаж:Ushqyn.kz
Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іст прокуратураға жолданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға қатысты алаяқтық, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру фактілері бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталды", — делінген ресми хабарламада.
Ведомство мәліметінше, 2025 жылы 19 наурызда қылмыстық іске қатысы бар тараптар тергеу материалдарымен танысуға кіріскен. Іс көлемі — 109 том.
Бұған дейін хабарланғандай, жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 3,5 миллиард теңгені құрайды.
"Қылмыстық жолмен алынған, жалпы құны 865 миллион теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Қазіргі уақытта іс Бас прокуратураға жолданып, оны сотқа беру мәселесі қаралуда", — деп толықтырды агенттік.