БІЛІМ

“Daryn Teacher” жобасы: 17 қазақстандық педагог Финляндия мен Эстонияда тәжірибе алмасты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Daryn Teacher

Қазақстанның әр аймағынан іріктелген 17 үздік мұғалім Финляндия мен Эстония елдеріне барып, білім беру саласындағы озық тәжірибемен танысты. Аталған сапар “Daryn Teacher” ізгі ұстаздар қауымдастығының қолдауымен жүзеге асты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 
Фото: Daryn Teacher

Сапар мақсаты – заманауи педагогикада көш бастап тұрған елдердің озық білім беру жүйесін көзбен көру, үздік білім беру моделін зерттеп, отандық мектептерге тиімді тәсілдерді енгізу.

Фото: Daryn Teacher

Фото: Daryn Teacher

Финляндияда тәжірибе алмасқан оқу орындары:

    •    Hanken School of Economics

    •    Espoon Kristillinen Koulu – бастауыш білім беру мектебі

    •    Etelä-Tapiola Upper Secondary School – жоғары сыныптарға арналған оқу орны

    •    Helsingin keskustakirjasto Oodi – Фин астанасының заманауи кітапханасы

Эстонияда тәжірибе алмасқан білім ордалары:

    •    Tallinn Lasnamäe Vene Gümnaasium

    •    Tallinn Teachers’ House – мұғалімдерді оқыту орталығы

    •    Tallinn University – Educational Innovation Center

    •    Järveküla School және Südalinna School – заманауи мектеп үлгілері

Сапар аясында ұстаздар шет мемлекеттердегі сабақ беру әдістерімен танысып, цифрлық құралдарды қолдану, оқушылармен кері байланыс орнату, сыни ойлау дағдыларын дамыту бағытында тәжірибе жинады.

Фото: Daryn Teacher

Фото: Daryn Teacher

Бағдарламаға қалай қатысуға болады?

Шетелдік тағылымдамаға жол ашатын бұл бағдарламаға қатысу үшін ұстаздар Daryn Teacher қауымдастығы ұйымдастырған офлайн курсқа жазылып, арнайы іріктеуден өтуі қажет. Курс барысында қатысушылар әртүрлі тапсырма орындайды, сұхбаттасу кезеңінен өтеді. Нәтижесінде ең үздік деп танылған педагогтер халықаралық сапарға тегін жолдама алады.

Егер сіз де білім саласында жаңашылдыққа ұмтылатын ұстаз болсаңыз, бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Daryn Teacher ұсынған оффлайн курсқа қатысып, іріктеуден өтуге шақырамыз!