ҚОҒАМ

40 миллион теңге шығын: Тұрғындарды алдаған алаяқ әйел ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Нұра ауданында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 45 жастағы әйелді қолға түсірді. Тергеу деректеріне сәйкес, ол пәтер алып беремін деген уәдемен жәбірленушінің ірі көлемдегі қаражатын иемденген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Күдікті азаматша өзін риелтор ретінде таныстырып, тиімді шарттармен баспана алып беруге уәде берген. Үйі жоқ, жалдамалы пәтерде тұрып жатқан жәбірленуші оған сеніп, ақшасын табыстаған. Алайда уәде орындалмаған. Келтірілген материалдық шығын мөлшері 40 миллион теңгені құрайды.

Тергеу болжамынша, ұсталған әйелдің осындай тоғыз алаяқтық дерекке қатысы бар болуы мүмкін. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарға алаяқтардан сақ болуға кеңес беріп, бейтаныс адамдарға қаржы тапсырмас бұрын барынша мұқият болуға шақырады.