МӘДЕНИЕТ

Қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP 500 санатындағы беделді турнирдің үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Кездесу тартысты өтіп, үш сетке созылды. Алғашқы сетте қарсыласына есе жіберген Бублик кейінгі екі сетте айқын басымдық танытып, матчты 3:6, 6:3, 6:4 есебімен өз пайдасына аяқтады.

"1/8 финалда ол италиялық Янник Синнерді жеңіп, сенсация жасады", – делінген  Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Енді Александр Бублик үшінші айналымда чехиялық Томаш Махачпен кездеседі.