ҚОҒАМ

Израиль мен Ираннан 144 қазақстандық елге оралды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Tengrinews.kz

Иран мен Израиль аумағынан 144 Қазақстан азаматы елге жеткізілді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ведомство мәліметінше, Израильден 66 адам эвакуацияланып, олар Египет арқылы Қазақстанға оралған. Ал Ираннан шығарылған 78 азаматтың 73-і Армения арқылы, екеуі Әзербайжан, үшеуі Түрікменстан арқылы елге жеткізілген.

"Қазақстанның Иран мен Израильдегі дипломатиялық өкілдіктері азаматтарға консулдық және құқықтық көмек көрсету жұмысын жалғастырып жатыр", — деп мәлімдеді министрлік.

Сыртқы істер министрлігі аталған елдердің билігіне және дипломатиялық өкілдіктеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.