Bugin

Жақып Асановтың экс-кеңесшісіне іздеу салынды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: 

Жоғарғы соттың бұрынғы кеңесшісі, экс-судья Қарлығаш Тәткееваны құқық қорғау органдары іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған мәліметке сәйкес, Тәткеева 2025 жылғы 20 маусымнан бері іздеуде. Іс Қарағанды облысы аумағында тіркелген. Іздестіру шараларын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті жүргізуде.

Қарлығаш Тәткеева Жоғарғы сотты Жақып Асанов басқарған кезеңде азаматтық істер бойынша төрағаның кеңесшісі болған. Бұған дейін ол Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында және Астана қаласының сотында судья қызметін атқарған.