ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: inbusiness.kz
Қазақстанда ең төменгі жалақы көтеріле ме? Бұл сұраққа Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Министр бұл мәселе оңай және біржақты шешілмейтінін атап өтті.
"Әрине, ең төменгі жалақыны көтеру қажет, бірақ бұл процесс біртіндеп, сақтықпен жүргізілуі керек. Экономика – тек нақты сандар емес, ол теориялар мен болжамдарға негізделген ғылым. Жалақының өсуі өндіріс шығындарының артуына әкеп соғуы мүмкін", – деді Жұманғарин.
Министрдің пікірінше, жалақының өсуі тұтынушылық нарыққа да ықпал етеді.
"Қосымша қаражат айналымға енген сайын, ол ішкі сұраныс пен инфляцияға әсер етуі ықтимал. Сондықтан мұндай шараларды абайлап, жан-жақты есептеп қабылдау қажет. Ұзақ мерзімді перспективада нақты байланыс болмаса да, түрлі экономикалық мектептер бұл тақырыпта ортақ ұстанымдарға ие", – деп түсіндірді министр.