ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: baq.kz
Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі кейінгі 15 жылда 5 пайыз шамасында тұрақты сақталып келеді. Алайда бұл көрсеткіш елдегі нақты жағдайға сай келмейді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев мәлімдеді, деп жазады Bugin.kz порталы.
Депутаттың айтуынша, елімізде еңбекке қабілетті халық саны шамамен 10 миллион адамды құрайды. Алайда солардың 5 миллионы ғана нақты әрі тұрақты жұмыспен қамтылған.
"Бұл — өте алаңдатарлық көрсеткіш. Мәселен, пандемия кезінде 4,5 миллион адам 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақы алған болатын. Бүгінде сол азаматтардың барлығын тұрақты жұмыспен немесе жеке кәсіппен қамту толық жүзеге аспай отыр", — деді Бейсенбаев.
Ол еңбек нарығындағы ресми деректер елдегі шынайы жағдайды бүркемелеп тұрғанын атап өтті. Депутат тиісті мемлекеттік органдарды еңбекпен қамту көрсеткіштерін нақты әрі әділ есептеуге шақырды.