БІЛІМ

Арыс қаласындағы №17 колледжде бірнеше теміржолшы династиясы қалыптасты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Түркістан облысының Білім Басқармасы

Түркістан облысы білім басқармасына қарасты «№17 колледж» МКҚК бірнеше теміржолшылар династиясы қалыптасты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, білім ордасы 1982 жылы Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің №376 бұйрығымен теміржол мамандарын даярлайтын №103 орта кәсіптік техникалық училище болып құрылған. Колледж мемлекеттік тапсырыс негізінде 6 кәсіптік және техникалық мамандықтар дайындайды. Соның ішінде теміржол саласының мамандарын даярлайтын: Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету және Автоматика телемеханика және теміржол көлігінде қозғалысты басқару мамандықтары бар.

Фото: Түркістан облысының Білім Басқармасы

Фото: Түркістан облысының Білім Басқармасы

«Қырық үш жылдық тарихы бар оқу орда¬сы¬нан талай теміржолшы түлеп ұшты. Экономиканың күретамыры саналатын салада елімізге танымал талай еңбек әулеттері яғни, теміржолшы династиялары бар. Солардың бірі – еңбек жолын теміржол саласына арнаған Ескермесовтер әулеті. Атадан – балаға, бүгінде ұрпақтарымен шойын жолда шыңдалған бұл әулет бірнеше буын бойы теміржол саласында абыройлы қызмет етіп, нағыз еңбекқорлық пен адалдықтың үлгісін көрсетіп келеді.

Атасы Ескермесов Алиасқар 40 жыл, Әкесі Ескермесов Амангелды 60 жыл...Кейінгі буын қызы мен немерелері де осы саланың мамандары. Бұл әулеттің осы саладағы жалпы еңбек өтілі – 150 жылды құрайды», - дейді әкімдік.

Фото: Түркістан облысының Білім Басқармасы

Фото: Түркістан облысының Білім Басқармасы

Айта кетейік, колледжде 728 студент білім алуда. Соның ішінде теміржол саласы мамандықтарында - 333 студент оқиды. Алдағы уақытта мемлекеттік тапсырыс негізінде жалпы саны 450 студент қабылданады деген жоспар бар. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымында  материалдық техникалық базасында теміржол саласына арналған 3 өндірістік цех және бір ВЛ-80 маркалы жаттығу кабинасы орналасқан кабинетпен жабдықталған. Сондай-ақ, колледж 3 ірі кәсіпорындарымен әлеметтік серіктестік орнатқан.