Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Түркістан облысының Білім Басқармасы
Бүгін Түркістан облысында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне белсене атсалысып жүрген бірқатар кәсіпорын басшылары арнайы марапатталды. «Адал азамат, адал еңбек, адал табыс» атты форум барысында өңірдегі жұмыс берушілерге Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың атынан алғыс хат берілді. Марапаттарды облыс әкімінің орынбасары Бейсен Дәулетұлы салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Марапат иелері – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен тығыз байланыс орнатып, студенттерге өндірістік тәжірибе ұйымдастырған, дуалды оқыту жүйесін енгізуге атсалысқан, түлектерді тікелей жұмысқа қабылдаған кәсіпорын жетекшілері. Бұл – жас мамандарға нақты қолдау көрсетіп отырған, ел ертеңіне жауапкершілікпен қарап отырған кәсіп иелеріне берілген әділ баға.
Биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылы» жастардың қол еңбегіне, кәсіптік білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды бастама болды. Ал кәсіпорындардың белсенділігі – осы бастаманың нақты жүзеге асып жатқанының дәлелі.
Мұндай серіктестік студенттер үшін аса маңызды. Өйткені олар алған білімдерін өндірісте шыңдап, нақты жұмыс орнымен байланыс орнатады, әрі диплом алған соң бірден еңбекке араласуға мүмкіндік алады. Бұл – жастар арасында жұмыссыздықты азайтуға, ел экономикасын қол еңбегімен өркендетуге жол ашады.