Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Түркістан облысының Білім Басқармасы
"Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында Сайрам ауданы прократурасының үйлестіруімен "Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі" МКҚК базасында бітіруші түлектерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Іс-шараға Сайрам аудандық прокуроры Тлендиев Дәурен, Сайрам аудандық Мансап орталығының «Жұмыс іздеушілерді қолдау» бөлімінің басшысы Әсілов Қанат, жұмыс ұсынушы кәсіпорын өкілдері мен 430 бітіруші түлек қатысты.
Жәрмеңкені ұйымдастырудағы негізгі мақсат – жұмыс берушілер мен бітіруші түлектер арасында еркін диалог алаңын қалыптастыру, колледж түлектерінің еңбек нарығында сұранысқа ие маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасау.
Сондай-ақ, басқа да жұмыс беруші ұйымдар өз мекемелеріндегі бос жұмыс орындарын ұсынып, түлектермен жеке әңгімелесу жүргізді. Түлектер өз мамандықтарына сай жұмыс табуға мүмкіндік алып, болашақтағы мансап жолына алғашқы нақты қадам жасады.
Кездесу соңында, Сайрам аудандық прокуратурасы мен Түркістан облысы білім басқармасының «Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорыны және «KUZOV KARABULAK» ЖШС-і арасындағы бағыт - бағдар беру өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат тараптардың өзара әріптестігін нығайтып, түлектерге өндірістік тәжірибе мен тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жәрмеңкеге келген жұмыс берушілер бітіруші түлектермен ашық сұхбаттасып, өз кезегінде жұмысқа қабылдайтындықтары туралы мәлімдеді.