Bugin

Түркістанда «Агрокөшбасшы-2025» республикалық кәсіби шеберлік байқауы басталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Түркістан облысының Білім Басқармасы

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жоспарланған іс-шараларына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Өсімдік шаруашылығы» құзыреттілігі бойынша «Агрокөшбасшы-2025» республикалық кәсіби шеберлік байқауы басталды. Іс-шара  Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің базасында өткізілуде, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Фото: Түркістан облысының Білім Басқармасы

Фото: Түркістан облысының Білім Басқармасы

Байқау аграрлық колледждердің студенттерінің кәсіби дағдыларын дамытуға, жұмысшы мамандықтарды насихаттауға және ауыл шаруашылығы саласы үшін бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауға бағытталған. Конкурстың ашылу салтанатына Түркістан облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қасымбекова қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Фото: Түркістан облысының Білім Басқармасы

Фото: Түркістан облысының Білім Басқармасы

«Агрокөшбасшы – 2025» – бұл тек байқау ғана емес, Қазақстанның аграрлық секторын дамытуға арналған маңызды платформа. Ол студенттерге тәжірибе мен біліи алмасуға, жаңа жетістіктерге жетуге шабыт береді, сондай-ақ таңдаған мамандығына деген ынтасын арттырып, саланың дамуына нақты үлес қосуға жол ашады», - дейді Айгүл Ерғалиқызы

Фото: Түркістан облысының Білім Басқармасы

Фото: Түркістан облысының Білім Басқармасы

Бұл сайыс ауыл шаруашылығы саласындағы студенттердің кәсіби шеберлігін арттырып, «Өсімдік шаруашылығы» бойынша агротехнологияларды меңгерген мамандарды анықтап қолдау және жастардың агроөнеркәсіптік кешендегі бәсекеге қабілеттілігін көтеруді көздейді.

Байқауға 7 команда бақ сынасуда. Олардың қатарында Алматы қаласындағы  «Еуразия агро-техникалық колледжі» мекемесі, Жетісу облысының  «Көксу ауылшаруашылық колледжі» ШЖҚ МКК, Жамбыл облысынан «Құлан агротехникалық жоғары колледжі»КМҚК, Қызылорда облысындағы «Исатай Әбдікәрімов ат. Қызылорда политехникалық жоғары колледжі» КМҚК бар.

Байқау 3 күн ішінде шынайы уақыт форматында өткізіледі. Техникалық сипаттамаға сәйкес тәжірибелік тапсырмаларға 4 модуль енеді.

Байқау колледждің заманауи жабдықтармен және зертханалармен қамтылған оқу-өндірістік базасында ұйымдастырылған. Қорытындысы бойынша жеңімпаздарға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдары, қатысушыларға сертификаттар табысталады. Айта кетерлігі, аталмыш сайыс 10 маусымда басталып, 12 маусымда нәтижелері белгілі болады.