САЯСАТ

Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: gov.kz

Бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

“Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды”, — делінген ресми хабарламада. 

Руслан Жақсылықов 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысының Қаскелең қаласында дүниеге келген.

ІІМ, Қорғаныс министрліктерінде жауапты қызметтер атқарған. Соның ішінде:

2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылы қаңтар аралығында – Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы болды.

2022 жылғы 19 қаңтардан  2025 жылдың 8 маусымына дейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметін атқарды.

II дәрежелі "Даңқ" орденімен, шет мемлекеттерінің екі орденімен және КСРО, ТМД, Қазақстан Республикасының 35 медалімен наградталған. Педагогика ғылымдарының кандидаты. Әскери атағы - генерал-лейтенант.