САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: ҚР Премьер-министр баспасөз қызметі
"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басқарма төрағасы Ақмәди Сарбасов ұсталды. Бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ведомство өкілдері тергеу амалдарына қатысты түсінік беріп, тиісті органдармен заң аясында ынтымақтастық орнатылып жатқанын жеткізді.
"Министрлік тергеу органдарына қолданыстағы тәртіпке сәйкес көмек көрсетіп жатыр. Тергеу барысына байланысты нақты ақпарат беру уәкілетті мекемелердің құзырында", — деп мәлім етті министрлік.
Айта кету керек, Ақмәди Сарбасов — еңбек және әлеуметтік қорғау саласында ұзақ жыл қызмет еткен шенеунік. Ол 2005 жылдан бері министрліктің түрлі құрылымында жұмыс істеген. 2025 жылы "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-на басшы болып тағайындалған еді.