Bugin

Жамбыл облысының экс-әкімі 12 жылға сотталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

 Фото: time.kz

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Кәрім Көкірекбаев, оның орынбасары Әділет Ахатаев пен мердігер Андрей Поплавскийге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Сот материалдарына сәйкес, Кәрім Көкірекбаев пен Әділет Ахатаев лауазымды тұлғалар ретінде ТОО директоры Андрей Поплавскиймен сөз байласып, орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін аса ірі көлемде пара алған.

Сонымен қатар Андрей Поплавский шын мәнінде орындалмаған құрылыс-монтаж жұмыстарының актілеріне қол қоюды ұйымдастырған. Бұл әрекеттер нәтижесінде мемлекеттік мекемеге 1,987,827,622.63 теңге көлемінде залал келтірілген.

Алқабилердің үкімімен Кәрім Көкірекбаев пен Әділет Ахатаев Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі бойынша, ал Андрей Поплавский 195-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы және 367-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.

"Сот шешімімен Кәрім Көкірекбаев 12 жылға, ал Әділет Ахатаев пен Андрей Поплавский 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды", — деп хабарлады Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енген жоқ.