САЯСАТ

Қазақстан тауарларына қатысты жаңа салық: Трамп 25% баж енгізілетінін мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Nathan Howard / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп 7 шілдеде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы хат жолдап, 2025 жылы 1 тамыздан бастап Америкаға жеткізілетін барлық қазақстандық өнімге 25 пайыз көлемінде баж салығы енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

“2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын кез келген тауарға секторлық баждардан тыс қосымша 25 пайыздық салық салынады”, – делінген хатта.

Трамптың айтуынша, екі тарап бұл мәселені алдын ала талқылауға мүмкіндігі болғанымен, қазіргі таңда Вашингтон үшін басты басымдық – ұзақ мерзімді экономикалық тапшылықпен күрес. Оның мәлімдеуінше, жаңа баж салығы АҚШ-та жұмыс істейтін компанияларға әсер етпейді.

“Егер сіз де жауап ретінде қарсы баж енгізгіңіз келсе, қалаған мөлшерде салық енгізе аласыз. Бірақ ол біздің 25 пайыздық тарифке қосылады. Мұндай шаралар – саудадағы әділетсіздікті түзетуге бағытталған. Сауда теңгерімсіздігі – АҚШ экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер”, – деп жазды Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған хатында.