САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: gov.kz
2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтау әуежайының маңында орын алған AZAL («Azerbaijan Airlines») әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағының апатына қатысты тергеу аясында жүзге жуық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Әзербайжан Бас прокуратурасы Тергеу басқармасының жетекшісі Неймат Авазовтың айтуынша, бұл сараптамалардың басым бөлігі қазіргі уақытта аяқталған. Оның сөзінше, соңғы күндері сарапшылардың бір бөлігі Қазақстанға іссапармен келіп, отандық құзырлы органдармен бірлесіп кешенді консультациялар жүргізген.
Апатты зерттеу жұмыстары Әзербайжан мен Қазақстанда қатар жүргізілуде.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау әуежайы жанында орын алған қайғылы оқиға салдарынан 38 адам көз жұмып, тағы 29 жолаушы түрлі деңгейдегі жарақаттар алған еді. BES.media таратқан ақпаратқа сәйкес, алғашқы тергеу нәтижелері алдағы уақытта жариялануы мүмкін.