ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: видеодан скрин
Әлеуметтік желіде Алматыдағы қоғамдық көлікте ер адамның соққыға жығылған сәті түсірілген видео тарады. Қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Куәгерлердің сөзінше, жанжал қоғамдық көлік ішінде басталып, кейін автобус сыртында да жалғасқан. Әлеуметтік желіде тараған кей ақпараттарға қарағанда, кикілжің қарт адамның жасөспірім қызға тиіскені туралы айтылған. Алайда бұл мәліметтер әзірге ресми расталған жоқ.
Алматы полициясы видеодағы ақ жейде киген ер адамды анықтап, ұстағанын мәлімдеді.
«Қазір бұл іс бойынша Әуезов ауданы полиция басқармасы жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның нақты мән-жайы мен жәбірленушінің кім екені анықталу үстінде. Тексеру қорытындысына қарай заң шеңберінде тиісті шаралар қабылданады», – деп хабарлады ведомство өкілдері.