БІЛІМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: gov.kz
Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында өткен Халықаралық ғылыми физика олимпиадасында қазақстандық оқушылар зор жетістікке жетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Биылғы олимпиадада әлемнің 21 елінен келген оқушылар бақ сынады. Жарыс теориялық және эксперименттік кезеңдерден тұрды, ал әр қатысушы екі бағыт бойынша жеке бағаланды.
Қазақстан құрамасы елге 10 марапатпен оралды. Жүлдегерлер қатарында:
Күміс медаль иегерлері:
Роман Черемнов – Алматы қаласындағы "Мирас" мектебінің 11-сынып оқушысы;
Тайыр Әбдіқадыр – Қостанай облыстық "Білім-инновация" лицейінің 10-сынып оқушысы;
Әлтайыр Ақанов – Астана қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы;
Ілияс Қазымбек – Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.
Қола медаль иегері:
Даниэль Төлебаев – Астана қаласындағы "NURORDA" мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.
Сонымен қатар теориялық тур нәтижесі бойынша:
Роман Черемнов пен Ілияс Қазымбек – 1-дәрежелі диплом иегері;
Даниэль Төлебаев, Тайыр Әбдіқадыр және Әлтайыр Ақанов – 2-дәрежелі диплом иегерлері атанды.
Жас дарын иелерін жарысқа дайындаған жетекшілер – PhD докторы, CDU доценті Самат Мақсұтов және CDU магистрі Назарәлі Айтжанов.