ҚОҒАМ

Сауранда балаларға арналған қауіпсіз әрі жайлы саябақ ашылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сауран ауданының орталығында жаңа балалар саябағының ашылу салтанаты өтті. Аталған игі жоба аудан әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып, бүгінгі таңда пайдалануға берілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жобаның тапсырыс берушісі – Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Салтанатты шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, саябақтың ресми ашылуын жасады. Сонымен қатар облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов, ауданның зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар жаңа нысанмен танысты.

Жалпы аумағы 2,14 гектарды құрайтын жаңа саябақ заманауи талаптарға сай жабдықталған. Балалардың бос уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізуіне барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, үлкен ойын алаңы түрлі жастағы балаларға арналған заманауи әрі қауіпсіз құрылғылармен қамтылған. Алаңға жұмсақ жабын төселіп, қауіпсіздік талаптарына толық сай келеді.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар саябақ аумағы көгалдандырылып, 2113 шаршы метр жасыл белдеу қалыптастырылды. Демалуға арналған көлеңкелі аймақтар мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салынып, орындықтар орнатылған. Табиғи атмосфераны жандандыру мақсатында саябаққа 12 түрлі ағаш, 88 түп шырша, 25 түп писсарди, 20 түп шынар, 30 түп раушан гүлі және 40 түп магония көшеті отырғызылды.