САЯСАТ

Алматы облысы әкімінің орынбасары жол апатына ұшырады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: gov.kz

9 шілдеге қараған түні Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев жол-көлік оқиғасына тап болды. Қазір шенеуніктің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Оқиға облыс аумағындағы тас жолдардың бірінде орын алған. Апат салдарынан Әсет Масабаев ауыр жарақат алып, шұғыл түрде Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы өте ауыр. Атап айтқанда, аралас жарақат, ми шайқалуы, кеуде қуысы мүшелерінің жабық жарақаты, қабырға сынуы мен көптеген көгеру анықталған.