САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: ASTANATV.KZ
Астанада қайырымдылыққа бөлінген 3 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген қоғам белсендісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іске байланысты алдын ала сот тыңдауы өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сот процесіне БАҚ өкілдерінің қатысуына күдіктілер қарсылық білдіріп, фото және бейне түсірілімге тыйым салуды сұрады.
Айта кетейік, 2024 жылдың қараша айында қайырымдылық қорын басқарып жүрген Перизат Қайраттың ұсталғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Оған тасқыннан зардап шеккендер мен Палестина халқына көмек көрсетуге жиналған қаржыны мақсатсыз пайдаланған деген айып тағылды. Қаржылық мониторинг агенттігі оның атына тіркелген люкс көліктер мен элиталық пәтерлерге, сондай-ақ бағалы әшекей бұйымдарға шектеу қойған.
2025 жылдың қаңтар айының соңында агенттік Перизат Қайратқа қатысты қосымша тергеу жүргізіп, оған жаңа айыптар тақты. Тергеу нұсқасы бойынша, ол мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын салу сылтауымен қаржы жинап, алаяқтық әрекеттер жасаған.
Сондай-ақ тергеу мәліметтері оның өзін кәсіпкер ретінде көрсетуге тырысқанын, жымқырған қаражатты заңдастыру жолдарын қарастырғанын, тергеу барысында жауап беруден бас тартып, тергеушілермен байланысқа шықпағанын көрсетті.