Bugin

Қазақстанда темекі бағасы тағы қымбаттады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото:  shutterstock

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 12%-ға өсіп, 920 теңгені құрады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиевтің жаңа бұйрығында көрсетілген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұған дейін ең төменгі баға 820 теңге болған. Жаңа мөлшерлеме 2025 жылдың соңына дейін күшінде болады. Ал 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекінің ең төменгі құны тағы өсіп, 970 теңге болмақ.

Бұл өзгерістер фильтрі бар және фильтрі жоқ темекіге, папиросқа, сигариллаға, сондай-ақ қыздырылатын темекі өнімдеріне қатысты енгізілді.