ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: ашық дереккөзден
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Перизат Қайрат пен оның анасы сот процесін жабық түрде өткізуге жасаған өтінішке қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Судья Сабыржан Кәрімовтің айтуынша, Қайраттың алдын ала тыңдау барысында білдірген өтініші ішінара қанағаттандырылған.
«Сот отырысын жабық түрде өткізу туралы өтініш ішінара қанағаттандырылды. Ал негізгі сот отырысы 2025 жылдың 14 шілдесіне, сағат 10:00-ге белгіленді», – деді судья.
Еске сала кетейік, 9 шілде күні таңертең Астанада Перизат Қайратқа қатысты алдын ала тыңдау өткен болатын. Ол қайырымдылық көмек көрсету сылтауымен азаматтар мен ұйымдардан 3 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінген.
Айыпталушы тарап сот отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуына қарсылық білдіріп, фото және видео түсірілімге рұқсат бермеді.