ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: gov.kz
Астанадағы әскери авиациялық база аумағында қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптары сақталмаған. Соның салдарынан Қарулы күштер қатарындағы әскери қызметкер ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты Әуе қорғанысы күштерінің мәліметінше, жараланған сарбаз дереу елордалық медициналық мекемеге жеткізілген. Қазір оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.
«Оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деп мәлімдеді ведомство.