ҚОҒАМ

Астанада ер адам Министрліктер үйін өртемек болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: видеодан скрин

Астанада 24 жастағы азамат Министрліктер үйін өртемек болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан ер адамның кіреберістегі турникетке жанғыш сұйықтық шашып, оны тұтатқаны анық көрінеді.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті оқиға орнында ұсталған. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жедел жетіп, өртті дер кезінде сөндірген. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, таңертең автоматты өрт дабылы іске қосылып, оқиға орнына өрт сөндірушілер дереу жеткен. Жалын 2 шаршы метр аумақты шарпыған, бірақ ол тез арада сөндірілген.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.