САЯСАТ

Дикий Арманның халықаралық іздеуде болған сыбайласы Дубайда ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: КазТаг

Арман Жұмагелдиевтің ("Дикий Арман") ұйымдасқан қылмыстық тобының болжалды мүшесі Дубайдан Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл жөнінде Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

“Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері, Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің көмегімен, Дубай қаласынан А. Жұмагелдиевтің қылмыстық тобына қатысы бар күдіктіні Қазақстанға жеткізді. Ол 2022 жылдың 5–7 қаңтары аралығында Алматы қаласында Жұмагелдиевтің бандасы құрамында жаппай тәртіпсіздіктерге белсене қатысқан деген күдікке ілінді. Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті бой тасалап, шамамен үш жыл бойы халықаралық іздеуде болды. Кейін ол Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталды”, — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Бас прокуратураның мәліметінше, оған тағылған айыптар бойынша 10 жылдан 15 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.