ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: әлеуметтік желіден
Алматы іргесіндегі тауға серуендеуге шығып, із-түссіз жоғалған 18 жастағы Ақылбек Нұрисламның мәйіті табылды. Бұл ақпаратты полиция мен еріктілер растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жас жігіт 2 шілдеде тауға бет алғаннан кейін байланысқа шықпаған. Іздестіру жұмыстарына 40-тан аса адам тартылды. Операцияға Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, еріктілер, кинологтар және дрондар жұмылдырылған.
Полиция өкілдерінің мәліметінше, марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қайтыс болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.