САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: primeminister.kz
Қазақстанда заңсыз жолмен шетелге шығарылып, кейін мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен 400-ден астам әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Министрдің айтуынша, 2024 жылдың мемлекеттік бюджет кірістері шамамен 11 триллион теңгені құраған. Республикалық бюджет 31 миллиард теңгеден астам артығымен орындалып, жоспар 100,5 пайызға жүзеге асқан. Ал жергілікті бюджеттер бойынша көрсеткіш одан да жоғары — кіріс 117 пайызға орындалып, 656,6 миллиард теңгеге жеткен.
"Заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстары жалғасып жатыр. Қайтарылған қаражаттың бір бөлігі Арнаулы мемлекеттік қорға түсіп, жалпы сомасы 434,3 миллиард теңгені құрады", — деді Мәди Тәкиев.
Оның айтуынша, осы қорға жиналған қаражаттың 318,1 миллиард теңгесі қазіргі таңда 406 әлеуметтік жобаны қаржыландыруға бағытталған. Оның ішінде: