ҚОҒАМ

Ақтөбеде әскери курсант қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: diapazon.kz (иллюстрация:  Recraft.ai)

Қайғылы жағдай 15 шілде күні таңертең болған. Ақпаратқа сәйкес, Әуе қорғаныс күштері әскери институтының (ӘҚКӘИ) курсанты оқу-жаттығу кезіндегі парашюттен секіру барысында апатқа ұшыраған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Диапазон басылымына сілтеме жасап.

Парашют толық ашылмай, жас сарбаз жерге қатты соғылған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған. Алайда медицина қызметкерлерінің айтуынша, курсант олар келгенге дейін жан тәсілім еткен.

“Диапазон” басылымының тілшілері оқу орны мен әскери бөлімге ресми сауал жолдап, түсініктеме сұраған. Алайда әзірге нақты жауап жоқ.

Бейресми деректерге сүйенсек, көз жұмған курсант Астанадан келген. 

Еске сала кетейік, былтыр қарашада осы әскери институтта оқыс жағдай тіркелген еді. Оқу-жаттығу барысында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, авиациялық эскадрильяның нұсқаушы-офицері қаза тапты. Сол оқиға кезінде эскадрилья командирі мен лейтенант ауыр жарақат алған. Аталған апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды.