Bugin

Өскемен әуежайының бұрынғы басшылары 157 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

Өскемен халықаралық әуежайының экс-президенті мен бірнеше лауазымды тұлғаға қатысты тергеу аяқталды. Олар сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі көлемде иемденіп, заңсыз алынған қаржыны заңдастырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдіктілер бес жыл бойы өздеріне негізсіз жоғары жалақы мен жалған сыйақы жазып, жалған келісімшарттар арқылы бюджет қаражатын жүйелі түрде жымқырып отырған. Кейін қаражат касса арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып отырған.

Сонымен қатар әуежайға тиесілі көліктер бухгалтериядан шығарылып, нарықтағы бағасынан бірнеше есе арзан бағада сенімді адамдарға сатылған. Ал коммерциялық нысандар жеңілдетілген шарттармен жалға беріліп, келісімде көрсетілген жалға берілген аумақ әдейі азайтылған.

Тексеру нәтижесінде мемлекетке келтірілген шығын 157 миллион теңгеге бағаланды. Сот санкциясымен күдіктілердің 126 миллион теңге көлеміндегі мүлкіне — төрт пәтер, жер телімі және екі автокөлікке — тыйым салынды.

Барлық күдікті уақытша қамауға алынды.