Bugin

Киік етінің келісі қанша болуы мүмкін — министрлік мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Massaget.kz/Тұрар Қазанғапов

Ауыл шаруашылығы министрлігі киік етінің келісі 1600 теңге көлемінде болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Алайда бұл баға әлі бекітілмеген, қазір талқылану және мақұлдау сатысында тұр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Министр Айдарбек Сапаровтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда 18 ет комбинаты тіркелген. Болашақта баға логистикаға, өңдеу және тасымалдау шығындарына байланысты өзгеруі мүмкін.

Егер ұсынылған баға бекітілсе, киік еті еліміздегі ең қолжетімді еттің біріне айналуы ықтимал. Қазіргі ет бағаларымен салыстырсақ:

    •    Сиыр еті — орта есеппен 3095 теңге,

    •    Қой еті — 3000–3100 теңге,

    •    Құс еті — 1496 теңге.

Бұл ретте киік еті сиыр етіне қарағанда екі есе арзан болады.